Еркін күрес: Әлем чемпионатында М. Муталимов пен Ж. Мұхтарбекұлы медальсіз қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еркін күрестен 120 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы Марид Муталимов Данияның Хернинг қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде ешқандай медальға қол жеткізе алмады,

Еркін күрес: Әлем чемпионатында М. Муталимов пен Ж. Мұхтарбекұлы медальсіз қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Муталимов бірінші белдесуінде украиналық Василий Тесменецконы жеңгенімен, келесіде әзірбайжандық Али Исаевқа жол берді. Егерде ширек финалда Исаев жеңіске жеткенде, біздің палуанның қола жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар еді. Алайда, әзірбайжандық палуан бұл кезеңде америкалықтан жеңіліп қалып, Маридтің үмітін үзді. Бұл салмақ дәрежесінде финалда ирандық Масуми Валадиді жеңген ресейлік Біләл Махов әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ Даниядағы әлем чемпионатында 60 және 84 келі салмақ дәрежелерінде ел намысын қорғаған  Жасұлан Мұхтарбекұлы мен  Азнаур Аджиев үмітті ақтамады. Ж. Мұхтарбекұлы бірінші турда солтүстіккореялық Джо Тонг-Хьоканы қапы қалдырғанымен, одан кейін украиналық  Василий Федоришиннен ұтылып қалды. Өз кезегінде, Федоришин финалға берілетін жолдама үшін белдесуде ресейлік Бесик Кудуховтан жеңіліп, Жасұланның қола жүлде үшін күресетін үмітін үзді. Финалда Бесик Кудухов әзірбайжандық Зелимхан Гусейновтан басым түсіп, чемпион атанды. Азнаур Аджиев болса бірінші турда поляк  Радослав Марцинкевичтен мерейі үстем болғанымен, 1/8-ші финалда кубалық Рейнерис Сал Перезден жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Өз кезегінде кубалық украиналық Ибрагим Алдатовтан бәсін асыра алмады. Оның бұл жеңілісі қазақстандық палуаннның қола жүлде үшін белдесуіне мүмкіндік бермеді. 84 келі салмақта өзбек палуаны Зауырбек Сохиев әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені американдық Якоб Херберт, қоланы әзірбайжандық Шариф Шарифов және украиналық Ибрагим Алдатов иеленді.