Еркін күрес: Даниядағы әлем чемпионатында Д. Шабанбайдың жолы болмады
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Данияның Хернинг қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дәулет Шабанбайдың (96 келі) жолы болмады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, осы жылғы маусымның ортасында Оралда өткен Қазақстан біріншілігінде Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Таймураз Тигиевті жеңіп, чемпион атанған Дәулет Шабанбай әлем чемпонатында бірінші белдесуінде армениялық палуаннан жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде 29-шы орынды қанағат тұтты. Сонымен қатар, Даниядағы әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғаған Әсет Серікбаев та үмітті ақтамады. Әсет бірінші белдесуінде сенегалдық Адам Диатты жеңгенімен, екіншісінде украиналық Микол Айвозянға есе жіберді. Сөйтіп жарыс қорытындысы бойынша 15-ші орынды місе тұтты.