Еркін күрес: Л. Спиридонов әлем чемпионатының қола жүлдегері

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Данияның Хернинг қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қазақстандық палуан Леонид Спиридонов қола жүлдегер атанды,

Еркін күрес: Л. Спиридонов әлем чемпионатының қола жүлдегері

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, 66 келі салмақта өнер көрсеткен Л. Спиридонов ирандық Мехди Тагавиден ұтылып, сөйтіп финалға шығу мүмкіндігінен айырылғанымен, келесі белдесулерінде украиналық Андрей Стадникті және түрік Мұхаммед Ильханды жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін қанжығасына байлаған. Бұл салмақта бас жүлдені жерлесімізді жеңген Иран палуаны Мехди Тагави, ал күміс жүлдені ресейлік Расул Джукаев иеленген.