Еркін күрестен өткізілген әлем чемпионатында қазақстандық әскери қызметшілер күміс және қола медальдарды жеңіп алды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Фин елінің Лахти қаласында еркін күрестен әскери қызметшілер арасында өткізілген 27-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. ҚР Қорғаныс министрлігінің құрама командасының мүшелері - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі армиясының Орталық спорт клубының әскерилері жалпыкомандалық есепте 5-інші орынға табан тіреді.
None
None

ҚР ҚМ ОСК-СК жекпе-жек пен күш түрлері бойынша спортшылар дайындау орталығының спортшы-нұсқаушысы 74 килә салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Сейфаддин Османов жақсы нәтиже көрсете алды. Қол жүлдені 55 киләға дейінгі салмақ дәрежесінде Дәурен Тобықов жеңіп алды.

Қатардағы жауынгерлер Ғалымжан Үсербаев, Дәулет Ниязбеков пен Дулат Асханов, сонымен қатар құрама команда мүшелері Камал Рашидов пен Людмила Миронова да өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар