Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының финалына шығу үшін күреседі
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.
Отандасымыз осылайша жартылай финалға жолдама алды.
Ширек финалдық белдесуде Дәулетбеков моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді.
Бұған дейін 86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев та жартылай финалға өтті. Ол
Солтүстік Корея спортшысы Сон Ган Джиді жарыстан шығарды.