Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Еркін күрес шебері Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.

Айта кетелік Странджа турнирінде 26 ақпанда Қазақстан құрамасынан кімдер шығатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум