Ерлан Каналимов елорда мәслихатының төрағасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ерлан Каналимов Астана қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Каналимов елорда мәслихатының төрағасы болды
Ашық көздерден алынған фото

Ерлан Ермекұлы Каналимов 1982 жылы 22 тамызда дүниеге келген.

Білімі: Жеке білім беру мекемесі басқару институты (2003), мамандығы «Экономист». Қазақстан-Ресей университеті (2007), мамандығы «Құқықтану бакалавры».

Еңбек қызметі: 2003-2005 - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы; Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі; 2005-2006 - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы; 2006-2007 - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі; 2007-2009 - Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі; 2009-2013 - Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары; 2013-2015 - Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс баспана-орталығы» КММ директоры;

2015-2018 - «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының м.а.; 2018-2019 - Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі; 2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары; 2019-2021 - «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2021 жылдан бері Астана қаласы мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар, бүгін мәслихат сессиясында төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды:

Заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Азамат Айтқожин;

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Кендебай Адамбеков;

Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясға Владислав Сергеев;

сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға Асқар Смағұлов жетекшілік етеді.

Елорда мәслихатының құрамында 34 депутат қамтылған. 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: «Amanat» партиясы – 12 мандат, «Қазақстан халық партиясы» – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат. Тағы 17 депутат бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы маслихатына өтті.