Ерлан Қарин этносаралық келісім мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ерлан Қарин этносаралық келісім мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

— Жиында этносаралық қатынас саласындағы өзекті мәселелер және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру шаралары қарастырылды. Ерлан Қарин «Заң және Тәртіп» қағидатының іс жүзінде орындалуына, сонымен қатар аймақтардағы қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеу мәселесіне айрықша назар аударды, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясаттағы негізгі мәселелерге қатысты құзырлы органдардың жұмысын үнемі проактивті режимде үйлестіріп отыру қажеттігін айрықша атап өтті.

Жиын соңында мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар