Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиевпен кездесті.
Ерлан Қарин Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысына «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатысқаны үшін алғыс айтты.
Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталды. Соның ішінде жаңа Конституцияның негізгі нормалары мен қағидаттарының мәні туралы айтты.
Арслан Койчиев қырғызстандықтар Қазақстанда қолға алынған реформаларды жоғары бағалайтынын және олардың әрі қарай да табысты жүзеге асырылуына тілектес екенін жеткізді.
Ерлан Қарин кейінгі жылдары бауырлас екі ел көптеген мәдени және ғылыми жобаларды бірлесіп атқарып жатқанын атап өтті.
Айта кетелік