07:57, 05 Қаңтар 2022 | GMT +5
Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

***
Е. Т. Қаринді тағайындау туралы
2022 жылғы 05 қаңтар
Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 қаңтар
№ 730