Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ерлан Қарин тарихшылар атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысында тарихшылар атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ерлан Қарин тарихшылар атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты
Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық тарих мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің жаңа бастамалары мен идеялары отандық тарих ғылымына түбегейлі бетбұрыс әкелді. 4-5 жыл ішінде кем дегенде он жыл бойы атқарылатын жұмыстар бірден қолға алынып, жүзеге асырыла бастады. Осы жылдар аралығында төл тарихымызды жаңғыртуда үлкен бетбұрыс жасалды. Соның бірі — Қазақстан тарихының академиялық көптомдығы. Сондықтан, осындай іргелі істерге бастамашы болып, оған бәріміздің қатысуымызға мүмкіндік бергені үшін тарихшылар қауымдастығы атынан және редакциялық алқа мүшелері атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер, — деді Ерлан Қарин Редакциялық алқаның қорытынды 14-ші отырысында.

Ерлан Қарин тарихшылар атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының бастамасымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, 2,5 миллионнан астам архивтік материалдан құпиялылық грифі алынып тасталды.

Ерлан Қарин тарихшылар атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, Президент шет мемлекеттердің архивтері мен кітапханаларында сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды елге әкелуге бастамашылық етті. Бұл іс «Архив-2025» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Ерлан Қарин тарихшылар атынан Мемлекет басшысына алғыс айтты
Фото: Kazinform

Айта кетелік «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылым мақұлданған еді