Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің алғашқы ресми жиыны 6 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтеді. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы шамамен 6 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы кеңейтілген отырысқа қызу дайындық жүргізіліп жатыр», - деді «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Ерлан Қарин.

Оның айтуына қарағанда, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесу өткізілген. Сондай-ақ, талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізу келісілген.

«Ішкі сұрақтарды - Ұлттық кеңес жұмысының жалпы регламентін, жұмыс топтарын құру мәселелері мен құрамын талқылау үшін алдын ала жиын өтеді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызға жоспарланған», - деп түсіндірді Ерлан Қарин.

Соңғы жаңалықтар