Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты
АСТАНА.KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түрінде өтеген.
— Сот қаулысының негізінде сотталушының өтелмеген екі айлық бас бостандығынан айыру жазасы неғұрлым жеңіл жаза түріне — айыппұлға ауыстырылды, — деп хабарлады комитет.
Ведомствоның атап өтуінше, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және үкімнің орындалуына қатысты өзге де мәселелерді қарау мен шешім қабылдау сот органдарының айрықша құзыретіне жатады.
Бұған дейін Бақытгүл Хаменова жазасын түрмеде емес, үйде өтейтінін жазғанбыз.