ЕРМЕКОВ МАҒАУИЯ ӘЛІМХАНҰЛЫ

None
None
еков Мағауия Әлімханұлы (1921) ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондет мүшесі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының №6 ауылында дүниеге келген. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), осы институттың аспирантурасын бітірген.

1950-1958 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы «Қазақкөмір геология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі қызметтерін атқарады.  1958-1963 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақстан Ғылым академиясының химия-металлургия институтында кафедра меңгерушісі, 1963-1970 жылдар аралығында КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Қарағанды қаласындағы Қазақ тау-кен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана бастығы, 1970-1989 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтының (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) геология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры.

Мағауия Әлімханұлының негізгі ғылыми еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мәселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған.

М.Ермековтің 1979 жылы Мәскеу қаласында «Газоносность угольных бассейнов и месторождений Казахстана», «Газоносность угольных бассейнов и месторождений СССР», 1988 жылы Қарағанды қаласында «Статистико-детерминированный метод построения многомерных моделей с использованием ЭВМ» атты бірлесіп жазған еңбектері жарық көрген.

1-дәрежелі «Отан соғыс» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том

Соңғы жаңалықтар