Эрмитаж өзінің 245 жылдығын атап өтуде

sp;САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 8-і.  ҚазАқпарат  /Елена Мягкова/ -   Әлемдегі    үлкен  мұражайлардың бірі  болып табылатын мемлекеттік  Эрмитаж -     245 жылдығын  атап өтуде. 

Эрмитаж    өзінің 245 жылдығын   атап өтуде

  Осынау атаулы   оқиғаның  құрметіне мұражайда  «Әлем эмальдары»,  «Қара  теңіздің    солтүстік жағалауындағы     антикалық қалалардың  өнері мен мәдениеті»   және  «XIV ғасыр мен ХХ ғасырдың  басындағы  Дағыстан   өнері» деген тақырыптарда  үлкен үш көрме    ашылуда.

Эрмитаждың   245 жылдығын тойлау аясында  сондай-ақ,  ертең,  желтоқсанның 9-ында     Георгиев залында   мұражайға   жаңа жәдігерлер -   Ұлы  Князь   үлкен  Николайдың     қылышы мен    сәулетші Юрий Фельтен    сызған   Эрмитаж ғимаратының бірегей сызбанұсқаларын  табыс ету  рәсімі  өтеді.