Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ернар Жұматаев астанадағы орыс драма театрына директор болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры қызметіне Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ернар Жұматаев астанадағы орыс драма театрына директор болып тағайындалды

Бұл жайында театрдың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Ернар Жұматаев 2006 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдаған.

2006-2007 жылдары - Тазабеков театрында актер.

2007 жылы - Астана қаласы Жастар театрында актер.

2008 жылы «Денар» тобын құрды. Осы жылдан бастап 2015 жылға дейін «Денар» тобында әнші әрі продюсер болды.

2011-2014 жылдары - Алматы қаласы М.Әуезов ауданында мәдени іс-шаралардың ұйымдастырушысы.

2014-2015 жылдары - Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мәдениет бөлімінің бастығы.

2015-2016 жылдары - Бейбітшілік және келісім сарайы директорының бірінші орынбасары.

2016-2020 жылдары - Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының директоры.

2020-2022 жылдары - Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры болып қызмет атқарды.