13:34, 31 Қазан 2009 | GMT +5
Ертең Алматыда қала әкімінің қатысуымен веложарыс өтеді
trong>Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда қарашаның 1-і күні ҚазҰТУ-дың 75 жылдығына арналған және 2011 жылы өтетін VII қысқы Азия ойындарын қолдау мақсатында, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен веложарыс өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Веложарыс ұзақтығы 10 шақырымды құрайтын Шаляпин - Сәтбаев - Манас - Сәтбаев көшелері бойымен өтіп, университет ғимараты алдында аяқталады.
Бұл жарыс салауатты өмірді қалыптастыру бағытындағы қала тұрғындарының дәстүрлі шарасына айналып отыр. Оған мемлекеттік ұйымдар өкілдері, бизнесмендер мен спорт ардагерлері және белсенді жастар қатысады.