Ертең «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің капсуласы салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің капсуласы салынады.
None
None

Шара «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына дайындықты бастау ретінде өте маңызды, деп «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми порталында хабарлады.

Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Мемлекет басшысына «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысы бойынша жұмыс кестесін ұсынады.

Жақында ғана Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің тіркеу құжатнамасы қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар