Ертең Астана қалалық Жол полициясы басқармасының жаңа тіркеу-емтихан алу тірегінің салтанатты ашылуы болады

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Ертең сағат 11.00-де Астана қалалық Жол полициясы басқармасының Жаңа жол көшесі, 6 үйде («12 месяцев» құрылыс дүкені ауданы) орналасқан жаңа тіркеу-емтихан алу тірегінің (ТЕТ) салтанатты ашылуы мен Тәуелсіздік көшесі, 18 және Циолковский көшесі 18/2 мекен-жайларындағы тіркеу-емтихан алу бөлімдерінің жабылуы болады, деп хабарлайды ЖПБ баспасөз қызметі.
None
None

Айта кету керек, өзінің ауқымы мен көрсететін қызметтік кешеніне байланысты аталмыш жаңа ТЕТ Қазақстан аумағындағы жалғыз осындай орталық.

Салтанатты ашылу салтанатына ҚР ІІМ Ішкі істер вице-министрі Амантай Күреңбеков, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков пен Астана қаласы ІІД ЖПБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Малыбаев қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар