23:20, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Ертең Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 11 шілде күні сағат 10.00.-ден 20.00.-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарланды әкімдіктің ресми сайты.

Күйші Дина 23, 23/1,23/2, 25,25/1,25/2, 26, 28, 28/1 көшесі бойынша орналасқан тұрғын-үй нысандарында ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Сондай-ақ адам тұрмайтын нысандарда да ауыз судың берілуі тоқтатылады. Атап айтқанда Свято-Успенский кафедралды шіркеуі (Күйші Дина, 27), Күйші Дина, 24 көшесі бойынша орналасқан «Тойбастар» банкет залы және Күйші Дина 23/3 көшесіндегі нысандар ауыз судан ажыратылады.
Онымен бірге сол уақытта Петров көшесі 16, 16/1,16/2 бойынша тұрғын-үйлер ауыз судан ажыратылады. «Алтай» сауда үйі де уақытша ауыз сусыз қалады.