Ертең Астанада LRT конструкцияларды уақытша демонтаждауға байланысты жол жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең, 27 қазанда таңертеңнен түскі уақытқа дейін Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

LRT
Фото: ҚР Үкіметі

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 27 қазанда сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін LRT эстакадасында уақытша металл конструкцияларды демонтаждауға байланысты Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бойында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар