Ертең Астанада республикалық ақындар айтысы өтеді

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Желтоқсанның 2-4 аралығында Астана қаласында Конгресс-Холл сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтеді.
None
None

Шараны өткізудегі басты мақсат - мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оны одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау.

Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысады.

Айтысқа Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Қасқабасов Сейіт, Өмірзақ Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық ететін болады.

Соңғы жаңалықтар