Ертең Астанада «Жас қанат - 2009» жас орындаушылардың байқауы ашылады

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлнара Жандағұлова/ - Ертең астаналық Конгресс-холлда «Жас қанат – 2009» жас орындаушылардың байқауы ашылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Байқауды ұйымдастырушылар ? ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» агенттігі және «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің дирекциясы. «Жас қанат» - бұл жас дарындарды қолдауға арналған мемлекеттік жоба. Биылғы жылы байқауға еліміздің барлық аймағынан 60 өтініш келіп түсті. Бірақ, солардың ішінен 13 үміткер ғана іріктеу туры кезеңіне жолдама алды.«Жас қанат-2009» байқауына биыл Әсел Әбдірахманова (Атырау), Гүлия Айдарханова (Павлодар), Ербол Ақбасов (Орал), Алена Аллахвердиева (Петропавл), Әлия Әйіп (Алматы), «Батыс» дуэті (Ақтөбе), Төлеген Ғабдырахман (Астана), Тарас Жауымбаев (Орал), Таңат Ексенбаев (Батыс Қазақстан облысы), Татьяна Ким (Қостанай), Азамат Мекебаев (Астана), «Melo?men» тобы (Алматы) және Әсем Омарова (Семей) қатысады.Байқауға әр жылдары еліміздің барлық облыстарынан 300-ден астам жас дарындар қатысыпты. Олар бүгінде еліміздің танымал әртістеріне айналды. Атап айтар болсақ ? Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Нұрлан Абдуллин, Алтынай Жорабаева, Мәдина Садуақасова, «Жас қыран» тобы және басқалар. Осылардың көпшілігі түрлі деңгейдегі халықаралық байқауларға қатысып, республика мәдениетін лайықты көрсете алды.
Соңғы жаңалықтар