Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президент зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруді тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар