Ертең - Дүниежүзілік Поэзия күні

АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Ертең - Дүниежүзілік Поэзия күні. ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында наурыздың 21-де Дүниежүзілік поэзия күнін атап өту туралы шешім қабылданды.

Ертең - Дүниежүзілік  Поэзия күні

Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия, - делінген ЮНЕСКО шешімінде, - қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады. Бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет. Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс».

Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында поэзияның шын мәніндегі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін қалыптастыруға қызмет етуі қажет.