Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM —  5 шілде күні ауа райына байланысты бүкіл ел бойынша ескерту  жарияланды.

грозы, дождь, непогода
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында 5 шілдеге қараған түні облыстың шығысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай сақталып, облыстың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.

Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысында күндіз облыстың солтүстік-батысында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың оңтүстік-батысында аптап ыстық 35 градусқа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Қостанай облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы мен шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында 5 шілдеге қараған түні облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр мен найзағай сақталып, облыстың батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында облыстың орталығында төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен бұршақ болады. Желдің екпіні облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Түркістан облысында облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталып, солтүстігінде күтіледі.

Алматы облысында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Күндіз де осы өңірлерде жаңбыр мен найзағай жалғасады. Желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жетісу облысында түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні облыстың шығысы мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін, Алакөл көлдері маңында 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз аптап ыстық 38-39 градусқа дейін жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, күндіз 23 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Күндіз жаңбыр мен найзағай жалғасып, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.