18:31, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Ертең елордада «Мемлекет және қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі жастар рөлі» тақырыбында семинар басталады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен баспасөз мәслихатында наурыздың 4-і мен 6-сы аралығында «Мемлекет және қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі жастар рөлі» тақырыбында семинар өтетіні айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жас Отан» ЖҚ атқарушы Хатшылығы мен «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты ұйымдастырып отырған осы басқосуға «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшылары, облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы партия филиалдарының жастар саясаты жөніндегі кеңесшілері қатысып, өз білімдерін жетілдіреді.«Семинардың мақсаты ? белсенді жастарды еліміздің қоғамдық-саяси өміріне атсалысуға дайындау. Семинар жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, саясаткерлер, сарапшылар, Орталық аппараттың жауапты мамандары қатысады. Олар тақырып аясында дәрістер оқып, кең көлемде талқылаулар өткізеді», - деп атап өтті партияның ресми өкілі Оксана Петерс.Сондай-ақ семинар бағдарламасы бойынша Президенттік мәдениет орталығында көшпелі дәріс ұйымдастыру да жоспарланған.