Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 8 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
None
None

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін, ал Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең тұман түседі.

Кызылорда облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін суық болады.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар