Ертең көкпардан I Әлем чемпионатының ақтық сайысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні Астанадағы «Қазанат» атшабарында Көкпардан I Әлем чемпионатының финалы өтеді. Кеше сағат 17.00-де жарыстар аяқталды. Ұпай сандары бойынша финалға шыққан екі команда анықталды. Сонымен қатар, 27 тамыз күні сағат 17.00-де 3 орын иесі анықталса, сағат 18.00-де ақтық сайыс болады.
None
None

Айта кетейік, шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы». Әлеуметтік серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жарысқа әлемнің 11 мемлекетінен 200 жуық спортшы қатысты. Жеребе нәтижесінде «А» тобына Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Өзбекстан, Моңғолия және Тәжікстан кірді. «В» тобында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Венгрия, Қытай мен Ауғанстан өнер көрсетті. Жарыстың жалпы қоры - 18 млн теңгені құрайды.  I орын - 10 млн тг, II орын - 5 млн тг, III орын - 3 млн тг. Ережеге сәйкес, шабандоздар серкенің резеңке нақпішінін қолға түсіріп, қарсыласқа қолдан бермей, қарсылас команданың шартты қақпасына дәл лақтырып түсірулері қажет. 

Соңғы жаңалықтар