Ертең Орталық Азия, Балтық елдерінің, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың жауынгер-интернационалистері Астанада басқосады

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ертең, желтоқсанның-2-сі күні «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған Орталық Азия, Балтық елдерінің, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың жауынгер-интернационалистері ардагерлер ұйымдарының халықаралық форумы ашылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шараны «Нұр Отан» партиясы мен Астана қаласы әкімшілігінің қолдауымен ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары одағының жанындағы Интернационалист-жауынгерлер комитеті және Ауғанстан ардагерлері және Қазақстан Республикасының Локальді соғыстар одағы ұйымдастырып отыр.

Бүгін өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерстің атап өткеніндей, форумның мақсаты ҰОС жылдарында қазақстандықтардың ерлігін, Ауғанстанда өзінің интернационалистік және конституциялық борышын абыроймен атқарған жауынгерлерді   насихаттап, оларға ізет көрсету, сондай-ақ Орталық Азия, Балтық, Ресей, Қазақстан және АҚШ елдеріндегі ардагерлер ұйымдарының іс-әрекеттерін біріктіру болып табылады.«Форум аясында қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге Астанада орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын кою, форумға қатысушы елдер арасында меморандумға қол қою, еңбегі сіңген ардагерлерді медальдармен, алғыс хаттармен, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бағалы сыйлықтарымен марапаттау жоспарланып отыр», - деді ол. Шараға партия басшылығы, көрнекті қоғам қайраткерлері, интернационалист-жауынгерлер ұйымдарының облыстардағы өкілдері мен ҰОС ардагерлері қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар