22:18, 18 Ақпан 2026 | GMT +5
Ертең павлодарлық оқушылар мен студенттер онлайн оқитын болды
АСТАНА. KAZINFORM — Оған өңірдегі қолайсыз ауа райы, көктайғақ себеп болып отыр, деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— Ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты 2026 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері (9 сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Павлодарда адасып кеткен үш ауыл тұрғыны құтқарылғаны белгілі болды.