Ертең Семей қаласы мен Павлодар облысының оқушылары аязға байланысты қашықтан оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — 11 наурызда ауа райының қолайсыздығы мен аяздың күшеюіне байланысты Семей қаласы мен Павлодар облысының оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды. 

Елорда
Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 11 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ)1,2 ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің студентер үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, — деп хабарлады Білім басқармасынан.

Ал жел мен көктайғаққа байланысты 2026 жылғы 11 наурызда Павлодар облысының 1-аусымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс (9 сынып негізінде)  колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ елордада да ақтүтек боран болуына байланысты  ертең оқушылар онлайн форматқа көшірілді.