Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ертіс» ӘКК 2009-2011 жылдарға арналған «Жайлау» Ертіс макроаймағы мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын әкімдіктердің қарауына жіберді

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ жасаған «Жайлау» 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы аймақтағы мал шаруашылығын дамыту және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған.

«Ертіс» ӘКК 2009-2011 жылдарға арналған «Жайлау» Ертіс макроаймағы мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын әкімдіктердің қарауына жіберді
Бағдарлама ұсақ малды өсіру және сату үшін ауыл тұрғындарына ұрғашы қойлар беруді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айналым қаржысының қайтарылымы мал басының жыл сайынғы өсімі есебінен белгілі мөлшерде қой беру арқылы есептесу түрінде жүргізіледі.Бағдарламаға сәйкес, жобаға қатысушылар «Ертіс» ӘКК, ұсақ малды жеткізушілер, мал өсірушілер, жергілікті атқарушы органдар (ШҚО және Павлодар облыстарының әкімдіктері, аймақ әкімдері, жергілікті атқару органдарының ауыл шаруашылығы департаменттері). Жобада «Ертіс» ӘКК мен ұсақ малды жеткізіп беретін жеке тұлғалар арасында келісімшартқа отыру көзделген. Бірақ, соңғысы өз тарапынан ұсақ малды уақытында жеткізіп беруді міндетіне алуы тиіс. Мал өсірушілер туралы айтар болсақ, олар мердігерлік келісім негізінде «Ертіс» ӘКК-пен бірлесе жұмыс жасайды. Бұл келісімнің басты шарты ? қамтамасыз ететін жылжымайтын мүлкінің болуы. Бағдарламаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар адал жеке тұлғалардың тізімін ұсынады, бағдарламаға қатысушылар үшін жайылым береді, ауыл шаруашылығы департаменттері ұсақ мал санының есебін қамтамасыз етеді, сондай-ақ бағдарлама шартының орындалуын қадағалайды (уақытында егу және т.б.).