«Ертiс» ӘКК ШҚО-дағы Қайнар ауылында «Жайлау» бағдарламасы бойынша ілкі жобаны іске қосты
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Ертiс Өскемен Семей Павлодар» ЖШС құрылымдық бөлімшесі Қараөлең ауылдық округінің әкімдігімен «Жайлау» бағдарламасын іске асырудың ережесін келісті,
деп хабарлайды ӘКК баспасөз қызметі.
Бағдарламаның операторы болып жеке кәсіпкер А.Омарханов белгіленді, онымен 10 млн. теңгеге бірлескен қызмет туралы шарт жасалды. Бір мың бас уақ мал сатып алынды және малдар түгелдей сырға салу рәсімінен өткізілді. Бағдарламаның операторы оның ашық шотына ақша аудару үшін негіз болып табылатын қойларды сатып алу-сату шарттарын жасасты. Ол ауыл тұрғындарымен қойларды жалдау туралы шарт жасасады.
«Ертіс» ӘКК басқарушы директоры Н.Омаровтың хабарлауынша, «Жайлау» бағдарламасы мал шаруашылығын дамыту және ауыл тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында 2014 жылға дейінгі мерзімге есептелген.