«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы банкрот болған кәсіпорындарды оңалтуға көмектеседі
ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы мен Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің аймақаралық департаменті Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация санациялау жолымен, күрделі экономикалық жағдайдағы кәсіпорындардың төлемдік қабілеттерін жандандыратын болады. ? Кейбір кәсіпорындардағы жағдайларды зерттеп шыққаннан кейін біз оларға ақшалай көмек көрсетпек және кешенді бағдарлама ұсынбақ ниеттеміз, бұл қолдаулар оларға дағдарысты еңсеруге, төлемдік қабілеттерін қалпына келтіруге, өндірістерді сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, дейді «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары Вера Сухорукова.Ал Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің аймақаралық департаменті болса, кәсіпорындардың өз келісімімен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына департаменттен көмек сұраған Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының жекеменшік кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді беретін болады.