Ертіс ауданының төтенше жағдайлар қызметі жаттығу барысында жақсы дайындықтарын көрсетті - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат/Вера Ливинцова/ - «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметінің жергілікті құтқарушылары суда,
None
None

қауіпті техногенді және табиғи жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсетуде жақсы дайындық пен білімдерін көрсетті», -деп атап өтті Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Талғат Нұрмағанбетов Ертіс ауданында өткен екі күндік жаттығу қорытындысын шығара отырып.

Құтқарушылар апатқа тап болған адамдарды екінші қабаттан түсіріп, суға кеткендерді дер кезінде құтқарды, зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Алайда құтқарушылар бұдан да нәтижелі жұмыс істеулері үшін қосымша құрылғылар мен құрал-жабдықтар керек. Өзендердегі құтқару бекеттері тек қана аудан орталығында емес, ауылдық округтарда да жұмыс істеулері тиіс.

Соңғы жаңалықтар