08:19, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ертіс ауылында жаңа спорт кешені іске қосылды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа жыл қарсаңында Павлодар облысының Ертіс селосында заманауи спорт кешені іске қосылды.

Жаңа ғимаратта волейбол, баскетбол, футзал ойындарына арналған бірнеше зал бар. Онда сондай-ақ, киім шешінетін орындар, душқа түсетін жер, жаттықтырушыларға арналған бөлмелер бар.
Кешеннің ашылуы рәсіміне арналған митингтен кейін жастар мен қатарында Ертіс ауданының әкімі Владимир Левченко ойнаған ардагерлер командаларының арасында волейболдан алғашқы матч өтті.
Спорт кешенінің іске қосылуының арқасында селода 12 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Кешен тирмен және стадионмен қатар орналасқан, олар жөндеуден өткізілгеннен кейін, жарыстар мен спартакиадалар өткізілетін спорттық қалашыққа біріктіріледі.