Ертіс ауылының 100 жылдығына орай оның тұрғындары кітап жазды - Павлодар облысы
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Биылғы жылы Ертіс ауылы өзінің 100 жылдығын атап өтпек.
Кіші отанның мерейтойына орай қазақ және орыс тілінде аудан орталығының тарихы мен қазіргісі жайлы кітап шығады.
Оның беттерінде 100 очерк пен жүзден астам фотосурет басылады, оның ішінде 1911 жылы түсірілген сурет те бар. Онда болашақ елді мекеннің кварталдарын жіктеу және Александр Невский соборының іргесін қалау кезінде дұға оқу шарасы бейнеленген.
Кітапқа аудандық газеттен жарияланымдар мен өлкетану материалдары, ауыл көнекөз қариялары мен алғашқы кеңестік кәсіпорындар басшыларының, мектептер мен балабақшалар мұғалімдерінің естеліктері енгізілген.