20:10, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
«Ертіс» футбол клубы 50 жылдық мерейтойын атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Ертіс» және «КСРО құрамасының ардагерлері» командалары арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Орталық» стадионына ардагерлердің ойынын тамашалау үшін мыңдаған жанкүйер жиналды. Ойын Қазақстан чемпионатының бес дүркін жеңімпазы «Ертіс» ФК-ның ширек ғасырлық тойына орайластырылған. Тартысқа толы болған кездесу «КСРО командасының» жеңісімен аяқталды. Есеп - 6:3. Ардагер спортшы Сергей Кирьяков павлодарлық команданың қақпасына бес гол салды. Жергілікті клуб сапынан Игорь Горячев, Виктор Антонов және Сергей Иванов мергендігімен танылды. Қазақстан чемпионатының 2001, 2002, 2003 жылғы үздік қақпашысы Юрий Новиков ойыннан кейін: - Біздің кезімізде мұндай жасыл алаң бізге арман болатын. Осындай алаңда ойнап жүрген «Ертістің» қазіргі ойыншыларына ел біріншілігінде тек сәттілік тілеймін, - деді. Фото: Владимира Бугаева (с) 2015