Ертіс өңіріне жоспарланған асыл тұқымды малдың 72 пайызы жеткізілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2018 жылы Павлодар облысына шет мемлекеттерден 2662 асыл тұқымды мал жеткізілді. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тілекбол Шарапатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Ең жоғары көрсеткіш бойынша абердин-ангус тұқымды 606 бас сиыр сатып алған баянауылдық «Жайма» ЖШС көш бастап тұр. Бұдан кейін 520 бас әкелген Аққулыдан «Алтай» шаруа қожалығы мен етті бағыттағы 200 бас сиыр жеткізген Шарбақты ауданындағы «Победа» серіктестігін атап өтуге болады. Бұл малдардың барлығы Ресейден сатып алынды. Ал, железиндік «Пахарь» ЖШС Германиядан 597 бас сүтті бағыттағы голштино-фриз сиырын алған. Жалпы, 2018 жылы облыс бойынша жоспарланған 3700 бас асыл тұқымды малдың 72 пайызы жеткізілді», - деді Тілекбол Шарапатов.

Мәселен, Тереңкөл ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мал шаруашылығы жөніндегі бас маманы Құрман Ахметов ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспарланған 888 асыл тұқымды мал басының 392-сі жеткізілгенін айтты.

«КазПромАгро» ЖШС мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 500 асыл тұқымды мал әкелуді жоспарлаған болатын. Қазіргі уақытта Ресейдің Брянск облысынан 322-сі әкелінген. Барлығы абердин-ангус тұқымды сиырлар. Қалғандарын жүк көлігінің босамауына байланысты алдағы күндері әкелмек. Аталмыш шаруа қожалығында қазіргі кезде 554 бас асыл тұқымды сиыр бар. Оның 232-сі - ақбас сиырлар. 2016 жылы құрылған серіктестік егін және мал шаруашылығы саласында нәтижелі жұмыс жасасуда», - деді Құрман Ахметов.

Бұдан басқа, аудандағы «Ереке» шаруа қожалығы абердин-ангус сиырларының жоспарланған 200 басының 70-ін Ресейдің Красноярск өлкесінен сатып алған.
null

«Мемлекеттік бағдарлама аясында «Карина» ШҚ - 80, «Сивухин» ШҚ - 50, «Агро Колос» ЖШС - 58 бас әкелу керек болған. Алайда, аталмыш қожалықтар асыл тұқымды малдарын әлі әкеліп үлгерген жоқ. Бұл кешіктірілудің себебі, асыл тұқымды малдарды сатып алған кезде, Ресейден шығармас бұрын ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай бірнеше кезеңнен тұратын тексерулері бар. Оған қоса, елімізге әкелген сәтте де тексеруден өткізіледі. Сондықтан бұл жұмыстарға көп уақыт кетеді», - дейді Құрман Ахметов.

Соңғы жаңалықтар