08:37, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ертіс жағалауында шырша шамдары жағылды - Павлодар
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Ертіс жағалауында бас шыршаның шамдары жағылды.
Осынау мерекенің құрметіне сейсенбі күні кешке бірнеше ондаған Аяз аталар мен Қарша қыздар Павлодардың орталық көшесінде шеру ұйымдастырды.
Қала тұрғындарын қыс мерекесімен құттықтап, әр отбасына бақыт тілеген облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Астанада Елбасы жаққан еліміздің бас шыршасының сәулесі бүкіл республикамызға тарап отыр. Біздің облысымыздың тұрғындары Жаңа Жылды ертеңге деген жақсы сеніммен қарсы алуда. Кәсіпорындарымыз қалыпты жұмыс істеп жатыр, адамдар жалақыларын уақтылы алуда, аймақтағы жағдай да орнықты», деп атап көрсетті өз құттықтауында.