Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ертістен Шідерті мен Өлеңті өзендеріне су жіберілді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Павлодар өңірінде су жіберу жұмыстарын жүргізу комиссиясының шешімі бойынша бүгін Шідерті өзенінің төменгі сағасына табиғатты қорғау мақсатында су босату басталды, деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Ертістен Шідерті мен Өлеңті өзендеріне су жіберілді - Павлодар облысы

Жыл сайын Қ. Сәтбаев атындағы су арнасынан өзен бассейніне жақын аумақтарда экологиялық тепе-теңдікті сақтауға әсер ету үшін Шідерт мен Өлеңті өзендерінің төменгі сағаларына су жіберіледі, бұл сегіз табиғи су қоймасы кіретін Әулиекөлді толтырады.

Осының арқасында 21 мың гектардан астам шабындықты су басады, бұл суармалы шабындықта жоғары шөп өнімділігін алуға, мал шаруашылығының жем-шөп базасын жақсартуға, осы аймақ тұрғындарының өз қажеттіліктеріне шабындық пішен дайындауына мүмкіндік береді.

Табиғат қорғау ведомствосынан су жіберу мамырдың ортасына дейін жалғасатынын хабарлады, Қ. Сәтбаев атындағы су арнасы арқылы Ертіс суының 100 млн. текше метрі босатылмақ.