«Ертіс» клубының бас бапкері мен 10-ға жуық футболшы командадан кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Жыл басынан павлодарлық «Ертіс» футбол командасымен 10-ға жуық ойыншы қош айтысқан. Сондай-ақ клубтың бас бапкері мен спорттық директоры да орнынан кеткені белгілі болды. 

«Ертіс» клубының бас бапкері мен 10-ға жуық футболшы командадан кетті
Фото: ertis_fk

Футбол клубынан хабарлағандай, команданың бас бапкері Ринат Алюетов қызметінен босады.

– Ринат Алюетов пен оның жаттықтырушылық штабы «Оқжетпес» футбол клубы құрамында жұмысын жалғастырады. Осы орайда клуб атынан бас бапкер Алюетов Ринат Мұратұлына және бүкіл жаттықтырушы штабына шын жүректен алғыс білдіреміз! Бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндетті орындап, команданы Премьер Лигаға шығардық, - деп хабарлады клубтан.

Сондай-ақ клуб өкілдері футболшылар Владимир Воменко, Нұрғайни Бурибаев, Әділхан Добай, Мохаммед Енсебаев, Нұрали Елемес, Владислав Васильев, Еркебұлан Тұңғышбаев командадан кеткенін, ал Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев пен Темірлан Төребек жалға алу мерзімі аяқталып, өз клубтарына қайтып оралғанын мәлім етті. 

Бұған қоса «Ертістің» спортық директоры Константин Горовенко да қызметімен қош айтысқан.

Еске сала кетейік, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған 3 команда белгілі болды. Олардың қатарында «Ертіс» командасы да бар.

Бұған дейін әлеуметтік желіде павлодарлық «Ертіс» клубы футболшылар мен қызметкерлеріне жалақы бойынша қарыз екені туралы ақпарат та тарап кеткен. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум