«Ертіс орманы» аумағына кірудің құны қанша
ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Қыркүйек айынан «Ертіс орманы» резерватында орман аумағына кіру үшін ақы алына бастады. Құны бір тәулікке 1297,5 теңгеден басталады.
«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, тарифтер 2026 жылға бекітілген және қазіргі уақытта 4325 теңгені құрайтын АЕК мөлшеріне байланысты.
Төлем орман алқабының аумағына кіргені үшін алынады.
1. Жеңіл автокөліктер – 0,3 АЕК – тәулігіне 1297,5 теңге.
2. 16 орынға дейінгі шағын автобустар, жүк көліктері және автотракторлық техника – 1 АЕК – тәулігіне 4325 теңге.
3. 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК – тәулігіне 8650 теңге.
4. 32 орыннан көп автобустар – 3 АЕК – тәулігіне 12 975 теңге.
– Резерват әкімшілігі қызметтер мен кіру ақысы үшін түсетін қаражат орман қорын қорғауға, өртке қарсы іс-шараларға, аумақты санитарлық тазалауға және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатынын еске салады, – деп хабарлады «Ертіс орманы» резерватынан.
Еске сала кетейік, «Ертіс орманы» аумағына кіру ақылы болатыны туралы тамыз айының ортасында хабарланған еді.
Биыл күзде Ертіс орманында сарғылт құндызшөп қайта гүлдеп жатыр.