Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ертіс орманы» резерватында фототұзаққа сілеусіндер түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Ертіс орманы аумағында биоалуантүрлілікті мониторингілеу барысында фототұзақтар сілеусіндерді түсіріп алды. 

«Ертіс орманы» резерватында фототұзаққа сілеусіндер түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл кадрлар – өңір экожүйесінің байлығы мен жануарлар дүниесінің әлі де сақталғанының айғағы.

Айта кетелік аптап ыстыққа байланысты Ертіс орманына кіруге тыйым салынған еді. Ертіс орманында сирек кездесетін тарғақ құсы және Ертіс жайылмасында билеп жүрген тырналар көзге түскен еді.

Бұған дейін Іле Алатауы паркінде жабайы доңыз торайларымен бірге фототұзаққа түсіп қалған еді.