Ертіс орманында фототұзаққа бір мезгілде бірнеше аң түсіп қалды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — «Ертіс орманы» резерватында бір ғана фототұзаққа елік, бұлан, қабандар және жанат тәрізді ит түсіп қалды. Жануарлар суат маңында емін-еркін жайылып жүргені байқалады. 

Ертіс орманында фототұзаққа бір мезгілде бірнеше аң түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Резерваты аумағына орнатылған бір ғана фототұзаққа бір мезгілде бірнеше аң түрі түсіп қалды.

— Бір фототұзақта төрт түрлі жануардың түсуі сирек жағдай. Елік, бұлан, қабандар және жанат тәрізді иттің популяциясы орман арасында барынша тарағанын байқауға болады. Бұл — резерваттағы жануарлар әлемінің байлығын айқын көрсететін көрініс. Мұндай кадрлар ғылыми зерттеу үшін де, табиғатты қорғау жұмыстары үшін де ерекше маңызды, — деп хабарлады резерваттан.

Аңшылықтанушылар орман алаңшықтарындағы су көздерін үнемі тазартып отырады. Орманшыларыдң айтуынша, бұл соңғы жылдардағы құрғақшылық кезеңінде өте маңызды шаруа. Орманда су көп болса, резерват аумағын мекендейтін жануарлар үшін орта жайлы бола түседі. Бүгінде резерват аумағында шамамен 50-ден астам жасанды суат бар.

Еске сала кетейік, «Ертіс орманында» сілеусіннің төлдері көзге түсті.

Соңғы жаңалықтар