Ертіс орманында шөп шауып жүрген шаруа өрт шығарып, қомақты айыппұл төледі

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Ертіс орманы» резерватының аумағында мал азығын дайындап жүрген фермер орман өртінің тұтануына себепкер болған. Кінәлі азамат 370 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.

«Ертіс орманы» резерваты
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Резерваттың Бесқарағай филиалы Майқарағай орманшылығы 30-орамында орман күзетінің инспекторлары мен Аққулы ауданының төтенше жағдай қызметкерлері орман өртінің туындауына кінәлі адамды анықтады.

«Шаруа техникамен шөп шапқан. Алайда шөп дайындау техникасында ұшқынды тұтып қалатын қондырға болмаған. Сөйтіп өртке себепкер болған. Кінәлі адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (қысқартылған тәртіппен) айыппұл салынды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 0,0025 гектар алқапты шарпыған тілсіз жау жылдам сөндірілді», - деп хабарлады резерваттан.

Еске сала кетейік, Ертіс орманын отап сатқан бас директор 150 млн теңге залал әкелген. 

Соңғы жаңалықтар