Ертіс өзенінің жайылмасы өртеніп жатыр
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өзен жайылмасының Павлодар қаласына жақын маңдағы аумақтары жанып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің 40 гектар жерде оқшауланғанын мәлімдеді.
Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөптің өртеніп, өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр,
- 13 қыркүйекте Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне Ертіс өзенінің жайылмасында құрғақ шөптің өртенуі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, Заря және Новоямышев ауылдарындағы «Ауыл құтқарушылары» бекеттерінің қызметкерлері, сондай-ақ Павлодар облысының ормандар мен жануарларды қорғау мекемесінің күштері жұмылдырылды, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Қазіргі уақытта өрт екі бөлек ошақта оқшауланған. Өртенген аумақтың жалпы көлемі шамамен - 40 гектар.
Өртті сөндіру жұмыстарына 33 адам мен 11 бірлік техника тартылған.
Еске сала кетейік, СҚО-да 25 гектар жердегі құрғақ шөп өртенді.