Ертіс табиғаты таңғалдырудан жалықпайды: орман ішінде бұлан видеоға түсіп қалды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы аумағында бұландардың көбеюі байқалып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша өңірде 300-ге жуық бұлан саналған.
Бұландардың тұрақты мекеніне айналған — Ертіс орманы резерватында жабайы жануарлар кадрға жиі ілігіп жүр. Орманшылардың бірі тіршілік иесін қалта телефонының камерасына түсіріп алған.
— Орман ішінде табиғаттың нағыз иесі бұланды кездестіруге және оны смартфонға түсіріп алуға мүмкіндік туды. Осындай күтпеген кездесу бізге жабайы табиғаттың қаншалықты бай әрі таңғажайып екенін тағы бір еске салады. Кейде әдемі кадр түсіру үшін дәл керек уақытта, керек жерде болудың өзі жеткілікті, — деп хабарлады резерваттан.
Тұяқты жануарлар облыста Баянауыл ұлттық паркі мен Ертіс орманы аумағында көбейіп, бүгінде жалпы саны 300-ге жуықтаған. Ащылауыт, қамысты, қоғалы жерлерге жайылғанды ұнатады. Жануарлардың бұлшық еті жақсы дамыған, өте әлеуетті жануар. Салмағы 800 килограмға дейін тартады. Айбарлы жануарлар қасқырға алдырмайды. Көбіне саяқ жүріп жайылады.
Бұландар Баянауыл ормандарында да көзге түскен еді.
Ал жуықта Баянауыл тауларында еркін жүрген арқарлар видеоға түсіп қалды.