Ерұлан Жамаубаев жекешелендіруге қатысты Есеп комитетінің сынына жауап берді

«Есеп комитеті Жекешелендірудің кешенді жоспары төмен деңгейде іске асырылғанын да атап өтті. Бұл көрсеткіш 62% қана болды делінген. Шын мәнінде, жоспардың іс жүзінде орындалуы 93,4% деңгейінде қамтамасыз етілді. Жоспарда барлығы 864 объектіні сату көзделген болатын. Ал атқарылуы 807 объектіні құрады: 506-сы сатылды, 301-і қайта ұйымдастырылды немесе таратылды. Бірқатар кәсіпорындар бойынша неғұрлым мұқият дайындық қажеттілігіне және нарықтың қолайсыз конъюктурасына байланысты жекешелендіру мерзімін неғұрлым кейінгі кезеңге ауыстыруға қатысты тиісті шешім қабылданғанын атап өту қажет», - деді Е. Жамаубаев Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.
Оның айтуынша, қалған кәсіпорындар 2021 – 2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаржы министрі Ұлттық қордың өсуіне ықпал ететін қадамды айтты.